Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды
Президент Жарлығымен Нұрлыбек Налибаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Налибаев бұл лауазымға 2026 жылғы 6 мамырда тағайындалған болатын.
Ол әр жылдары премьер-министр кеңсесінде өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласының, Шиелі ауданының және Қызылорда облысының әкімі қызметтерін атқарған.