Серік Жұманғарин өз қызметін сақтап қалды
Президент Жарлығымен Серік Жұманғарин Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Серік Жұманғарин бұл лауазымды 2024 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.
Ол Мәскеу энергетика институтын «Жылу физикасы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.