Шоу-Бизнес

Баян Алагөзова күйеуінің бұрынғы әйелімен араласуға қарсы емес екенін айтты

Белгілі продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жолдасы Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы әйелімен араласу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Журналистің «Тұрсын мырзаның бірінші әйелімен бір дастарқанда отыруыңыз мүмкін бе?» деген сұрағына продюсер мұндай жағдайды жоққа шығармайтынын айтты.

«Ешқашан «ешқашан» демеу керек. Егер барлығы ақылға қонымды, мәдениетті түрде болса, ұрыс-керіссіз, ренішсіз болса, мен мүлдем қарсы емеспін. Болашақта балалардың тойы болады, қуанышты сәттер болады. Балаларды «әкесінікі» немесе «анасыныкі» деп бөлуге болмайды, олар – ортақ балалар. Мен ол кісінің қуанышты сәттерде балаларының жанында болуын және бәріміздің өркениетті түрде араласқанымызды қалаймын», – деді Баян Алагөзова.

Продюсер өткенге өкпе сақтамай, татулықты қалайтынын да атап өтті.

«Өткен күн – сағым. Мен барлық реніштерді ұмытып, босаттым. Мен тек татулық пен достықты қалаймын», – деп түйіндеді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Buginmedia Қазақстан жаңалықтары (@buginmedia.kz)