«Бәрін көріп отырмын»: депутат бола алмаған Аша Матай мәлімдеме жасады
Белгілі актриса әрі әнші Аша Матай Құрылтай сайлауынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шығып, жаңадан сайланған депутаттарға үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ол депутаттарды құттықтап, халық пен мемлекет игілігі үшін қызмет етуге шақырды.
«Құрметті халайық, Құрылтай сайлауы өтті. Халық сайлаған депутаттар тиісті анттарын қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын. Жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Мемлекетіміздің, халқымыздың игілігіне шын жүректен қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар. Ақ жол, сіздерге, құрметті депутаттар», – деді әнші.
Айта кетейік, Аша Матай Қазақстан халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелген болатын. Алайда партия 5 пайыздық межеден өте алмай, Құрылтай құрамына енбеді.