Қорғаныс және Ішкі істер министрлері өз қызметтеріне қайта тағайындалды
Президент Жарлығымен Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылары қайта тағайындалды. Мемлекет басшысының тиісті Жарлықтары Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстанның Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.
Сондай-ақ Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымға алғаш рет 2025 жылғы 8 маусымда тағайындалған болатын.
«Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.
Осылайша, Сәденов пен Қосанов өз ведомстволарының басшысы қызметін әрі қарай жалғастырады.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалған еді.