Ақмола облысында футбол турнирі кезінде 58 жастағы ер адам қайтыс болды
Ақмола облысының Атбасар қаласында футбол турнирі кезінде 58 жастағы ер адам қайтыс болды. Ол Астанадан жарысқа қатысу үшін келген, деп хабарлайды buginmedia.kz.
ҚазТАГ жазуынша, оқиға матч өтіп жатқан кезде болған. Ойын барысында ер адам өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, оны құтқару мүмкін болмаған.
Оқиға туралы ақпарат 2 қыркүйекте тарады.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл турнирдің жергілікті әкімдік ұйымдастырғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, шараны басқарма да, оған қарасты ұйымдар да өткізбеген. Сондай-ақ турнир спорт басқармасымен келісілмеген.
Қайтыс болған адамның өлім себебі әзірге ресми түрде айтылған жоқ.