Эстонияның жаңа президенті сайланды: ол кім?
Эстония парламенті 2 қыркүйекте елдің жаңа президентін сайлады. Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі әділет канцлері Юлле Мадизе тағайындалды. Ол жасырын дауыс берудің бірінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Мадизені 71 депутат қолдады. Президент болып сайлану үшін кемінде 68 дауыс қажет болған.
51 жастағы Юлле Мадизе заңгер мамандығын алған. Ол Әділет министрлігінде, парламенттің Конституциялық комитетінде және президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі ретінде жұмыс істеген. 2015 жылдан бері Эстонияның әділет канцлері қызметін атқарып келеді.
Мадизе 12 қазанда парламент алдында ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріседі. Ол екінші мерзімге бармайтынын мәлімдеген қазіргі президент Алар Каристің орнын басады.
Ол Эстония тарихындағы президент қызметіне сайланған екінші әйел атанды. Біріншісі – Керсти Кальюлайд.