Әлемде

Иранда АҚШ соққыларынан 11 адам қаза тапты

Иран билігінің мәліметінше, АҚШ-тың ел аумағына жасаған жаңа соққыларынан 11 адам қаза тауып, кемінде 68 адам жараланған,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

АҚШ зымырандары Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясындағы үш нысанға соққы жасаған. Провинция билігінің хабарлауынша, шабуылдан 7 адам қаза тауып, 8 адам жараланған.

Бұған дейін Иранның Сирик ауданында үйлену тойы кезінде жасалған соққыдан 5 адам, оның ішінде бір бала қаза болғаны хабарланған. Иран Қызыл Жарты Айы 50-ден астам адамның жараланғанын мәлімдеді.

АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс 31 тамыздан кейін қайта күшейді. тараптар бір-біріне соққы жасауды жалғастырып жатыр.