2027 жылдан бастап АЕК және зейнетақы өседі
Қазақстанда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы әзірленді. Құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер мен есептік көрсеткіштерді арттыру ұсынылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жобаға сәйкес, 2027 жылы:
АЕК – 4 693 теңге болады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 4 325 теңге;
ең төменгі базалық зейнетақы – 38 622 теңге. Қазір 35 596 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге. 2026 жылы 69 049 теңге;
күнкөріс минимумы – 55 173 теңге. Қазір 50 851 теңге;
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге деңгейінде қалады.
Сонымен қатар жоба бойынша жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.
МӘМС жүйесіне мемлекет төлейтін жарна да көбеймек. Оны жарна есептеу объектісінің 2,2%-ына дейін жеткізу ұсынылған.
«2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Құжатқа қатысты ұсыныстарды 5 қыркүйекке дейін жолдауға болады.
Бұл көрсеткіштер әзірге заң жобасында ұсынылған нұсқа. Олар түпкілікті қабылданғаннан кейін ғана күшіне енеді.