Әлеумет

Павлодарда қонаққа барған әйел үй иесінің қолынан қаза тапты

Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Танысы оларды қонаққа шақырған. Кешкі ас кезінде өзара сөзге келіп қалып, қонақ үй иесін жұдырықтаған. Алайда, кегін қайтарғысы келген үй иесі әйелді өлтірген. Ал қонаққа келген ер адам ауруханадан бірақ шықты. Қазір оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

 «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», - деді Павлодар облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова.