Саясат

Тоқаев тағы бір шенеунікті тағайындады

Ринат Мұхаметқали Президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ринат Мұхаметқали Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Жалпы бөлім Президент әкімшілігінің ішкі ұйымдастырушылық жұмысын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Мұхаметқали Президент әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған. Сондай-ақ ол бұған дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.