«Мисс Алматы» байқауының жеңімпазы: Димаштың сүйіктісі кім екені белгілі болды
Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты кезекті болжам әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әнші 2023 жылғы «Мисс Алматы» байқауының жеңімпазы Натали Петримен бірге жүрген болуы мүмкін. Жазба авторының мәліметінше, бойжеткен Димаштың Қарағандыда өткен концертіне де барған.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Димаш пен Натали Петридің бірге түскен кадрларын талқылаған. Сондай-ақ Натали Петридің әншінің қарындастарының тойына қатысқаны айтылған.
Бұдан бөлек, шамамен бір жыл бұрын Натали Петри Димаш Құдайбергеннің бейнебаянына түскені туралы ақпарат тараған.
Осы жайттарға сүйенген желі қолданушылары екі жастың арасында жақын қарым-қатынас болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Алайда әлеуметтік желідегі фотолар мен видеолар олардың қарым-қатынасын нақты дәлелдемейді.
Әзірге Димаш Құдайберген мен Натали Петри бұл ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Сондықтан олардың арасындағы қарым-қатынас туралы сөз әзірге желі қолданушыларының болжамы ғана.