Жаңалықтар

Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Ләззат Танысбай тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол «Астана» телеарнасы, «Нұр-Медиа» медиахолдингі, «Қазақстан» РТРК және «Бірінші арна Еуразия» сияқты ірі медиақұрылымдарға басшылық етті.

Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңа қызметінде Танысбайға «Хабар» агенттігінің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі жұмыс бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті жүктелді.

Сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздегі жетекші қоғамдық-саяси арна ретіндегі позициясын нығайту көзделіп отыр.

Бұған дейін «Хабар» агенттігін басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды.