Жаңалықтар

"Жаңбыр аралас қар, бұршақ, үсік: қыркүйектің алғашқы күндерінде Қазақстанда күн суытады

Қыркүйектің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде солтүстіктен келетін антициклон әсер етеді. Соған байланысты ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз, бұлт аз ауа райы қалыптасады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қыркүйектің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде солтүстіктен келетін антициклон әсер етеді. Соған байланысты ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз, бұлт аз ауа райы қалыптасады.

Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта кей жерлерде үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

1-2 қыркүйекте жаңбыр мен қар жауады

1-2 қыркүйекте солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде циклонның ықпалымен түнде жаңбыр, кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай және бұршақ болуы ықтимал.

Сонымен қатар еліміздің солтүстігі, шығысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Өңірлердегі ауа температурасы

Батыс Қазақстанда түнде ауа температурасы +10…+18°C, күндіз +25…+30°C-тан +28…+33°C-қа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында түнде +13…+21°C, күндіз +27…+32°C-тан +30…+35°C-қа дейін жылы болады.

Солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+5°C аралығында болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10…+28°C-тан +20…+33°C-қа дейін көтеріледі.

Шығыс және орталық өңірлерде түнде 0…+5°C, оңтүстігінде +10°C шамасында болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +12…+25°C-тан +15…+30°C-қа дейін жоғарылайды.

Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура +13…+18°C-тан +10…+15°C-қа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда түнде +3…+8°C болады.

Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +20…+25°C-тан +18…+23°C-қа дейін, таулы жерлерде +10…+15°C-тан +7…+12°C-қа дейін өзгереді.