Жаңалықтар

БАӘ-де көз жұмған апалы-сіңлі қазақ қыздарының денесі елге жеткізілді

28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы БАӘ-де қаза болған Қазақстан азаматтары Ақжан және Жұлдыз Боханованың денелерін елге жеткізді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазір Ақжан мен Жұлдыз Боханованың қаза болу себептері мен мән-жайын БАӘ-нің құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Қазақстандық дипломаттар БАӘ прокуратурасы және басқа да тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуде. Олар марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ақжан мен Жұлдыз Боханова – апалы-сіңлілі. Олар жұмыс істеу мақсатында БАӘ-нің Шарджа қаласына барған. Туыстары мен таныстарының айтуынша, қыздар шамамен бір апта бойы байланысқа шықпағаннан кейін іздеу жұмыстары басталған.