Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің денесі табылды
Петропавлда кәріз құдығынан әйел адамның денесі табылды. Қазір марқұмның кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оқиға 27 тамызда Тауфик Мұхамедрахимов көшесінде, қалалық аурухананың жанында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел шамамен 40 жаста. Оның жанынан жеке басын анықтайтын құжат табылмаған. Қазір марқұмның кім екені анықталып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті әйелдің денесі табылғанын растады.
«27 тамызда Петропавлда Тауфик Мұхамедрахимов көшесіндегі кәріз құдығының маңынан әйелдің денесі табылды. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады СҚО полиция департаменті.