Саясат

Бектенов кабинеті жаңа Үкімет жасақталғанға дейін өз міндетін атқара береді

Қазақстан Президенті жаңадан сайланған Құрылтай алдында Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Жарлыққа сәйкес, Үкіметтің қазіргі құрамы жаңа Үкімет жасақталғанға дейін өз міндетін атқара береді.

Құжат Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңның 4-бабына сәйкес қабылданған.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.