Жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады: синоптиктер ескерту жасады

Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

28 тамыз, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Кей өңірлерде жаңбыр найзағай, екпінді жел және бұршақпен бірге жауады. Жекелеген аудандарда нөсер болуы мүмкін.

Батыс өңірлерде Скандинавия антициклонының ықпалымен жауын-шашын болмайды, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы батыста +16...+24 °C, солтүстікте +12...+20 °C, орталықта +17...+25 °C шамасында болады.

Шығыс Қазақстанда ауа температурасы +23...+30 °C-қа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жылы ауа массасы сақталып, жауын-шашын күтілмейді. Мұнда күндіз ауа температурасы +30...+37 °C-қа дейін жетеді.