Жаңалықтар

"Алда жақсы күндер бар, досым": Тұрсынбаеваның күйеуі «Дикий» Арманға жазба арнады

Айнұр Тұрсынбаеваның екінші күйеуі Нұржан қамауда отырған «Дикий» Арманға әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

 

«Нойс» лақап атымен танымал Нұржан досын туған күнімен құттықтап, оған қолдау білдірген.

«Ареке, досым, жаңа жасың қайырлы болсын! Мен сенің рухың мықты, сабырың берік екенін білемін. Сен бұл сынақтың бәрінен өтесің, Ин шаа Аллах! Өйткені Алла Тағала: “Расында, қиындықпен бірге жеңілдік бар” деген.

Осы жаңа жасың жақсы жаңалықтардың, бостандық пен амандықтың бастауы болсын. Алла деніңе саулық беріп, жақындарыңның ортасына аман-есен оралуыңды нәсіп етсін! Біз сені ұмытпадық, ұмытпаймыз да. Алда жақсы күндер бар, досым!», – деп жазды ол.