Жаңалықтар

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Абай облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты. Апат 26 тамызда Семей – Курчатов тасжолында болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Абай облысында Семей – Курчатов тасжолында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты. Оқиға 26 тамызда шамамен сағат 15:30-да жолдың 35-шақырымында болған.

Полицияның мәліметінше, Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі «Газельді» басып озбақ болған. Алайда қарсы бағытқа шығып кетіп, Kia Rio көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша полиция жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.