Жаңалықтар

ШҚО-да ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 23 тамызда 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған. Полицияның мәліметінше, оған бірге тұрған ер адам дене жарақатын келтірген. Оқиға кезінде ер адамның мас болғаны анықталды.

Тергеу барысында әйелге жарақат салғаннан кейін ер адамның өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қайғылы жағдайдың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.