Тоқаев бірқатар басшыны қызметінен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтқанда, Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан кетті. Ал Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.