Жаңалықтар

"Күдіктіге қатысты сұмдық ақпарат көп": журналист БАӘ-де көз жұмған қыздарға қатысты жазба жариялады

Журналист Гүлмира Әбіқай Шарджа қаласында қаза тапқан 20 және 22 жастағы қазақстандық қыздар туралы жазба жариялады,  деп хабарлады buginmedia.kz.

Оның айтуынша, апалы-сіңілі қыздар күнкөріс қамымен Араб елдеріне барып, Шарджадан жұмыс тапқан.

Журналист марқұмдардың сыныптас құрбылары қыздарды жақсы жағынан еске алғанын, қыздар еңбекқор, сыпайы әрі тәрбиелі болғанын айтады.

Гүлмира Әбіқай қыздардың артында ата-анасы қалғанын айтып, қайғылы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Айтуынша, қыздардың жастары небәрі  20 мен 22-де.

«Ал, күдіктіге қатысты сұмдық ақпарат көп… егер оның бәрі расталса, тіптен, қорқынышты…Бұрын намаз оқитын жігіт, Меккеге барған десе қуанушы ек, қазір қорқатын болдық. Неге??? Дінді жамылып әлі қанша қылмыскер жүр?Намаз оқитын, оқымайтын, ішетін, ішпейтін ер адамдардың арасында қыздарға қастандық жасайтындар неге бар?», - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық апалы-сіңлілі қыздар Шарджада қаза тапқаны хабарланған еді.