Спорт

Қазақстандық жеті боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстанның жеті боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Елянур Турганова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) финалға өтті.

Ал, Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг жоғары) Әнел Әбдірасілова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (81 кг жоғары) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.