Жаңалықтар

Астанада ер адам 6-қабат терезесінен дәрет сындырған

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның көпқабатты үйдің 6-қабатының терезесінен қоғамдық тәртіпке сай емес әрекет жасағаны видеоға түсіп қалды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға тұрғындардың бірінің камерасына түсіп, кейін әлеуметтік желіде тараған. Кадрларда қара киімдегі ер адамның терезе алдында тұрғаны көрінеді.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір білдіріп, ер адамның әрекетін сынға алды. Оқиғаның нақты қай тұрғын үй кешенінде болғаны және оған қатысты қандай шара қолданылғаны әзірге белгісіз.

 Астана қаласының полиция департаменті қазір ер адамның жеке басын анықтап жатқанын айтты. 

“Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтап жатыр. Ер адам анықталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң аталған оның әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – дейді полиция.