Жаңалықтар

Құдасынан "тентек кәде" сұраған ер адам оңбай таяқ жеді

Оралда той кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда «тентек кәде» сұраған ер адамды құдасы ұрып құлатқан, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бейресми мәлімет бойынша, жанжал «тентек кәде» кезінде айтылған әзілден кейін басталған.

Батыс Қазақстан облысының полициясы видеоға түскен азаматтардың анықталғанын хабарлады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысы бақылауға алынған. Полиция ҚПК-нің 201-бабына байланысты өзге ақпаратты жарияламады.