Арменияның бұрынғы президенті жемқорлық ісі бойынша ұсталды
Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы Седрак Кочарян сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталды. Іс аясында барлығы алты адам қамауға алынған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Тергеу мәліметінше, Кочарянның 1998-2008 жылдардағы президенттігі кезінде бірқатар мемлекеттік активтер мен жылжымайтын мүлік нарықтағы бағадан едәуір төмен құнмен жекеменшікке шығарылған болуы мүмкін. Кейін олардың бір бөлігі өзара байланысты компаниялар мен отбасы мүшелерінің атына рәсімделген деген күдік бар.
Бұған қоса, бұрынғы президентке қызметтік өкілетін асыра пайдалану, пара алу және аса ірі көлемде ақша жылыстату бойынша айыптар тағылғаны хабарланды. Кочарян тағылған айыптарды мойындамаған.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.