Қытай зауыттарында 2 миллионнан астам робот жұмыс істеп жатыр
Қытай өндіріс орындарында 2 миллионнан астам өнеркәсіптік робот жұмыс істейді. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Елде өндірісті автоматтандыру қарқыны жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
BBC мәліметінше, бүгінде әлемде өндірілетін өнеркәсіптік роботтардың жартысынан астамы Қытайға тиесілі.
Зауыттарда роботтар дәнекерлеу, бояу, ауыр заттарды көтеру, бөлшектерді құрастыру сияқты жұмыстарды атқарады. Кейбір жүйелер тәулік бойы адамның қатысуынсыз жұмыс істейді. Тіпті жаңа роботтарды құрастыратын роботтар да пайда болған.
Роботтандыру өндірістің тиімділігін арттырғанымен, оның еңбек нарығына әсері де талқыланып жатыр. Әсіресе миллиондаған жұмысшының болашағы өзекті мәселеге айналған.
Осыған байланысты Қытайда адамдарды роботтармен бірге жұмыс істеуге үйрететін арнайы академиялар ашылуда.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин өндірістегі осындай технологияларды «жаңа өндіргіш күштер» деп атаған.