ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі болды
24 тамыз күні кешке Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 19:31-де болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Ошақтың координаттары — 49,117° солтүстік ендік пен 84,500° шығыс бойлық.
Мамандардың бағалауынша, Үлкен-Нарын ауылындағы жер сілкінісінің қарқындылығы 2 балды құрады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.