"Күйеу жігіт кім?" Рэпер Say Mo-ға сахнада ер адам ұсыныс жасады
Қазақстандық әнші Say Mo концерт кезінде күтпеген жағдайға тап болды. Өнер көрсетіп жатқан сәтте көрермендердің арасынан бір жігіт сахнаға шығып, әншіге көпшіліктің көзінше тұрмысқа шығуды ұсынды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Желіде тараған видеода жігіттің бір тізерлеп отырып, Say Mo-ға жүзік ұсынғаны көрінеді. Ол әншіге ерекше безендірілген гүл шоғын да сыйлаған. Гүлдердің орнына композицияға доллар купюралары қолданылған.
Күтпеген ұсыныстан абдырап қалған әнші өз эмоциясын жасырмай:
«Бұл не? Аздап шок болып тұрмын», – деді.
Оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Желіде жұрт бұл ұсыныстың шынайы болған-болмағанын талқылап, оның алдын ала ұйымдастырылған қойылым немесе әзіл болуы мүмкін деген пікірлер білдірді.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншіні құттықтап, сахнаға шыққан жігіттің кім екенін сұраса, енді бірі бұл жағдайды алдын ала ойластырылған пиар немесе пранк деп бағалады. Концертке қатысқан кейбір көрермендер де оқиғаның шынайылығына күмән келтіріп, Say Mo тыңдармандарын әдейі алдаған болуы мүмкін екенін жазды.
«Керемет маркетинг», «Құттықтаймын!», «Не болып жатыр? Түсіндіріп жіберіңіздерші», «Күйеу жігіт кім?», «Маған ол “Гранд қонақүйі” сериалындағы актерді еске салды», «Бұл пранк, достар!» – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Дегенмен көпшіліктің басты қызығушылығы — әншінің ұсынысқа қалай жауап бергені. Say Mo жігіттің ұсынысын қабылдағаны немесе бас тартқаны әзірге белгісіз. Әнші бұл жағдайға қатысты нақты түсініктеме берген жоқ.