Сейфуллин Жолбарыс желіде әйелімен ажырасты дегендерге жауап берді
Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс желіде әйелімен бірге түскен суретін жүктеп, көпшіліктің көкейіндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұған дейін әншінің әйелі Екатерина Жолбарыс "Жүрегіңді өз қолыңмен кеудеңнен суырғандайсың. Осындай жағдайда да ары қарай өмір сүруге тура келеді екен" деген жазба қалдырған болатын.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны ажырасып кетті деп болжам жасаған.
"Ажырасты ма?", "Не болған бұларға?", "Бәрі бітті ма енді", "Қара фото көрсек қорқатын болдық қой", "Әдемі әйелі бар, не жетпейді?", "Сенгім келмейді. Бақытты болыңыздаршы. Жақсы жұпсыздар", "Не болып қалды екен?", "Бір нәрсе болғаны анық" деп жазды олар.
"Керемет жандармен әдемі кездесу", - деп жазған ол "Парасат" орденін алған сазгер Ринат Ғайсинді құттықтау кешінде түскен фотосын жүктеп.