Спорт

Сингапурдегі әлем кубогында қазақстандық жүзушілер екі бірдей рекорд орнатты

Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Қазақстан құрамасы екі ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды buginmedia.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жаңа рекорд орнатты. Қорытынды көрсеткіші 01:07.74-ке тең болды. 

Ғалымжан Балабек 400 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Қазақстан рекордын 03:47.52 нәтижесімен жаңартты.

Сондай-ақ, Егор Попов ӘКМ финалында 200 метр қашықтықта шалқалап жүзуден бесінші нәтиже көрсетті.