Жаңалықтар

Меркідегі 19 жастағы келіншектің өлімі: ел естімеген дерек шықты

14 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Андас Батыр ауылында 19 жастағы Мадина Рашидқызы қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жақындарының айтуынша, Мадина 17 жасында тұрмысқа шыққан. Олар қызды өз еркінен тыс алып қашқанын айтады. Екі жыл бірге тұрған уақытта ол күйеуі және енесімен болған жанжалдарға байланысты Алматыдағы анасына бірнеше рет қайтып барған.

Соған қарамастан Мадина оқуын жалғастырып, 3 шілдеде Алматыдағы колледждердің бірін тәмамдаған. Оның артында 10 айлық ұлы қалды.

Қайғылы оқиға кезінде Мадина Андас Батыр ауылында күйеуі Мадияр, енесі және кішкентай баласымен бірге тұрған. Жаз мезгілінде үйде күйеуінің әпкесі мен екі інісі де болған.

Мадинаның құрбысы Зейнеп әлеуметтік желіде «Барни» оқиғасына қатысты ақпарат жариялаған. Қазір оның телефоны тергеу органдарында екені белгілі.

Журналистер Мадинаның күйеуі мен енесімен сөйлесуге тырысқанымен, олар пікір бермеген. Тек көршілері сұхбат берген.

Журналист Жан Ахмадиев марқұмды жерлеуге дайындауға қатысқан әйелмен сұхбаттасқан. Оның сөзінше, Мадинаның жақындары жетпей тұрып жаназа рәсімін өткізуге әрекет жасалған.

"Біз келмей жатып жаназасын шығармақ болған. Оған қарсы болдық. Мәйіт жатқан жерге өзіміз кірдік, бастапқыда бізді кіргізбеуге тырысты. Анасына денесін ашып көруге дайынсың ба деп сұрадым. Денесінде сау жері жоқ еді. Көгерген, жырылған жерлері болды", – дейді әйел.

Меркі полициясы істің тергеліп жатқанын хабарлады. Марқұмның анасы қызының денесінен күш қолдану белгілері байқалғанын айтып, оның өліміне қатысты суицид нұсқасына күмән келтіреді. Ол оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауды талап етіп отыр.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)