Әнші Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты кім екенін айтты
Әнші Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатын әлі ұмытпағанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. Өте әдемі, сұлу бала болатын. Бірақ сол махаббат маған бұйырмады. «Кетсең де шалғай» әнін сол Қанатқа арнап жылап айтқам. Ол кісі қайтыс болды», – деді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, Қанат өмірден өткеннен кейін оның ұлы Мақпал Жүнісоваға хабарласып, әкесінің аманатын жеткізген.
«Сол кезде соның баласы маған звондап: «Мақпал апа, мен Қанат Карбузовтың баласы едім. Апа, әкемнің аманаты еді. Қайтыс болғанда Мақпалға айт деген», – деді. Жүрегім дір ете қалды. Баласы маған жеткізіп тұр. Әлі күнге дейін ол кісінің суреттері мен хаттары сақтаулы», – деді Мақпал Жүнісова.