Қарағандыда әйел киімін киіп, жасөспірімдермен таныспақ болған блогер қамауға алынды
Қарағандыда 56 жастағы ер адам TikTok желісінде жүргізген стримдері мен жасөспірімдермен байланыс орнатуға әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қарағандыда 56 жастағы ер адам TikTok желісінде жүргізген стримдері мен жасөспірімдермен байланыс орнатуға әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция мәліметінше, Еркен Жантықпаев TikTok-та әйелдер киімін киіп, тікелей эфирге шығып, түрлі әрекеттер жасаған. Бұдан бөлек, ол әйел адамның атынан жасөспірімдерге хабарлама жазып, олармен танысуға тырысқан.
Құзырлы орган ер адамды ұстап, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алғанын және оған ресми ескерту жасалғанын хабарлады.
Қазір Жантықпаев әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірген. Полиция оның әрекетін бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Егер ескерту талаптарын қайта бұзса, оған бұдан да қатаң жауапкершілік қолданылуы мүмкін.
Полиция соңғы уақытта әлеуметтік желілерге мониторингті күшейткен. Бұған дейін «Золотая женщина» лақап атымен танылған блогер де құқық қорғау органдарының назарына іліккен.
Ал TikTok платформасының дерегінше, 2025 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан аумағында заң бұзушылықтарға байланысты 1,5 миллионға жуық видео бұғатталған.