Білім

Астанада балаларға оқу-құралдарын қайдан арзан алуға болады?

Астанада жаңа оқу жылына дайындық аясында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылып жатыр. Сауда орындарында елорда тұрғындары мектепке қажетті тауарлар мен кеңсе керек-жарақтарын қолжетімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жәрмеңкелер 1-31 тамыз аралығында қаланың барлық ауданында өтеді. Қазір сауда орындарына күн сайын 200-400 адам келіп, оқу жылына қажетті заттарды сатып алуда.

Жәрмеңкелер әр демалыс күндері мына мекенжайларда жұмыс істейді:

Сарыарқа ауданы – «Рахмет» СОО, Н. Тілендиев даңғылы, 15;

Нұра ауданы – «Magnum» супермаркеті, Тұран көшесі, 55Д және «Era bazary», Қорғалжын тасжолы, 96;

Алматы ауданы – «Гүлжан» СҮ, Абылай хан даңғылы, 34 және «Астана Молл» СОО, Тәуелсіздік даңғылы, 34;

Сарайшық ауданы – «Жібек жолы» СОО, А. Байтұрсынов көшесі, 34 және «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;

Байқоңыр ауданы – «Аймақ-Тау» СҮ, С. Сейфуллин көшесі, 45/1.

Сонымен қатар елордада әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Ірі сауда орындарында арнайы жәшіктер орнатылған. Қала тұрғындары оларға мектепке қажетті кеңсе тауарларын және оқу жылына керек басқа да заттарды тапсыра алады.

Көмек жинауға арналған жәшіктер:

Нұра ауданы – «Сарыарқа» СОО, Тұран даңғылы, 24;

Байқоңыр ауданы – «Аймақ-Тау» СҮ, С. Сейфуллин көшесі, 45/1;

Сарайшық ауданы – «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;

Алматы ауданы – «Аружан» СОО, І. Жансүгіров көшесі, 8/1.

Осылайша, мектеп жәрмеңкелері ата-аналарға оқу жылына қажетті заттарды тиімді бағамен алуға мүмкіндік берсе, «Мейірімді алақан» акциясы көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.