Шоу-Бизнес

Айым Сейтметова бұрынғы күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуына қатысты жазба жариялады

Актриса әрі блогер Айым Сейтметова бұрынғы күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әлеуметтік желіде олардың отбасының бұзылуына Талғаттың бұрынғы әйелі себеп болды деген ақпарат тараған. Алайда Айым бұл мәліметті жоққа шығарып, бұрынғы жұбайының бірінші отбасын ажырасу мәселесіне араластырмауды сұрады.

«Адамдар, сабыр сақтаңыздаршы. Бұл не қылған жала? Біз Талғаттың бұрынғы әйелімен өте жақсы қарым-қатынастамыз, оның өз отбасы, күйеуі және балалары бар. Ажырасуымызға еш қатысы жоқ адамдарды бұл іске қыстырмаңыздаршы. Соншалықты сенімді сөйлейді екенсіздер, бұл – сұмдық. Мұндай қауесет таратқанша, өз өмірлеріңізбен айналыссаңыздаршы», – деп жазды Айым.

Актрисаның айтуынша, ажырасуға үшінші тараптың немесе Талғаттың бұрынғы қарым-қатынастарының қатысы жоқ. Оның сөзінше, тараптар арасындағы сыйластық әлі де сақталған.

Бұған дейін Айым Сейтметова Талғат Итаевпен ажырасқанын өзі мәлімдеген еді. Ол шешімнің оңай болмағанын айтып, некенің бұзылуына себеп болған жайттарды ашып айтудан бас тартқан. Айым бұрынғы жұбайымен ортақ қызы үшін сыйластықты сақтағысы келетінін жеткізген.