Астана әкімдігінің білім гранты иелерлерінің тізімі шықты
Астана әкімдігі мемлекеттік білім беру гранттарын иеленген азаматтардың тізімін бекітті, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Астана әкімдігі мемлекеттік білім беру гранттарын иеленген азаматтардың тізімін бекітті.
Гранттар жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға бөлінген. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Астана халықаралық университеті, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты және Esil University бар.
Грант иегерлері педагогика, ақпараттық технологиялар және көлік қызметтері бағыттары бойынша білім алады.
Сонымен қатар, Астана медицина университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлауға арналған гранттар да қарастырылған.
Грант иегерлерінің толық тізімі Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.