Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 21 тамызға ауа райы болжамы
Қазақстанның оңтүстігі мен батысында 21 тамызда ыстық ауа райы сақталады. Ал елдің шығыс және солтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. «Қазгидромет» синоптиктері ел қалалары бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Астанада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C. Жел 3-8 м/с.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. Жел 8-13 м/с.
Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде +21…+23°C, күндіз +30…+32°C. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Ақтөбеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C. Жел 6-11 м/с.
Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +22…+24°C, күндіз +35…+37°C. Жел 9-14 м/с.
Жезқазғанда түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C болады. Жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с.
Көкшетауда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C. Жел 5-10 м/с.
Қарағандыда түнгі температура +8…+10°C, күндіз +21…+23°C шамасында болады. Жел 7-12 м/с.
Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C. Жел 9-14 м/с.
Қостанайда түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C болады. Жел 3-8 м/с.
Қызылордада күндіз ауа температурасы +33…+35°C-қа дейін көтеріледі. Түнде +21…+23°C. Жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с.
Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C. Жел 9-14 м/с.
Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с.
Павлодарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C болады. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C. Жел 7-12 м/с.
Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C. Жел 5-10 м/с.
Таразда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.
Түркістанда жауын-шашын болмайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C-қа дейін ыстық болады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с.