Алматы күйеу баласы енесін зорлаған
17 тамызда Алматыда ер адам 65 жастағы енесінің үйіне шай ішу сылтауымен барған. Үш жыл бұрын болған ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін әйелдің денсаулығында елеулі мәселе болған. Отбасының айтуынша, ер адам оның жағдайын пайдаланып, зейнеткерге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған, деп хабарлайды buginmedia.kz
Сол күні отбасы полицияға жүгінген. Бұл туралы ақпаратты «Не Молчи» қоры жариялаған.
Полицияға жүгінгеннен кейін зейнеткер сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілген. Алайда «Не Молчи» қоғамдық қорының хабарлауынша, әйел сараптамадан өту үшін барған мәйітханада полиция шығарған қаулыны қабылдаудан бас тартқан.
Отбасының айтуынша, құжат дұрыс рәсімделмеген. Соның салдарынан қылмыстың болуы мүмкін іздерін дер кезінде тіркеу қажет болғанына қарамастан, әйел үшінші күн қатарынан сараптамадан өте алмай отыр.
Бұл жағдай туыстарын қатты алаңдатып отыр. Мұндай жағдайларда уақыттың маңызы зор.
«Үш күн өтті, алайда әйел әлі күнге дейін сараптамадан өткен жоқ. Біз Алматы қаласының прокурорынан шұғыл түрде араласуды талап етеміз! Күдікті отбасы мүшелеріне және жәбірленушінің өзіне қысым көрсетуі мүмкін», - дейді қор өкілдері.
Жәбірленушінің қызы өз күйеуіне қатысты арыз жазған. Әйелдің үш баласы бар, олардың бірі – ерекше қажеттілігі бар бала. Соған қарамастан, ол анасын қорғау үшін полицияға жүгінуге шешім қабылдаған.
Әзірге өңірлік полиция департаменті оқиғаға пікір білдірген жоқ.
Қордың мәліметінше, ер адам әзірге бостандықта жүр. Туыстары қазіргі уақытта оларға тек заңгерлік көмек қана емес, ықтимал қысымнан қорғану да қажет екенін айтып отыр.