Жаңалықтар

Арыста әскери полигонда жарылыс болды

Арыс қаласында әскери бөлімге қарасты жабық кәдеге жарату полигонында жарылыс болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиға Арыс гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінің аумағында құрғақ шөптің жануы салдарынан болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Ведомство жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.

"19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында бұған дейін болған төтенше жағдайдан кейін жабылған №44859 әскери бөлімінің кәдеге жарату полигонында құрғақ шөп жанған. Өрт кезінде снаряд фрагменті жарылған. Қазіргі уақытта тиісті ведомстволардың қызметкерлері оқиға орнына барған. Жағдай тұрақты, бақылауда", - делінген хабарламада.

2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында өрт шығып, соның салдарынан онда сақталған артиллериялық және басқа да оқ-дәрілер детонацияланған. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам қаза тапқан.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Buginmedia Қазақстан жаңалықтары (@buginmedia.kz)