Жаңалықтар

Күйеуі соққыға жығып, қолын сындырған: Алматы облысында әйел өлі табылды

Алматы облысында артында екі жасар егіз балалары қалған жас әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оның күйеуі әйелді ұрып-соғып, қолын сындырған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл жағдай туралы көмек сұрап отбасы жүгінген «НемолчиKZ» қоры хабарлады. Марқұмның әпкесінің айтуынша, 23 шілдеде ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Оның сөзінше, күйеуі әйелді, соның ішінде аяғымен теуіп ұрып, қолын сындырған. Әйел бұл туралы жақындарына бірден айтпаған. Әпкесінің айтуынша, ол болған жағдайдан ұялып, ата-анасын уайымдатқысы келмеген.

– Қайтыс боларынан бір сағат бұрын әпкем маған осы жағдайлар туралы айтты, егіз балаларын басқа әпкеме қалдырып, 2026 жылғы 26 шілдеде өмірімен қоштасты, – делінген марқұмның туысының өтінішінде.

Марқұмның отбасы істің объективті түрде тергеліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуын сұрап отыр.

«НемолчиKZ» мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның ресми нұсқасы – өз-өзіне қол жұмсау.

Әзірге Алматы облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Авезованың қайтыс болғаны белгілі болған. Оның артында сегіз айлық баласы қалды.Әйелді күйеуі бір тәтті үшін үрып-cоққан.