Жаңалықтар

Қатты жаңбыр, 41 градус ыстық: 20-22 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК  20-22 тамызға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. 20 тамызда Қазақстанның орталығында, 21 тамызда шығысында, 22 тамызда солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады. Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +30+38°C, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін көтеріледі.

Қалған аумақта да ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Қостанай облысында ауа температурасы +20+30°C, солтүстік облыстарда +17+28°C, орталық және шығыс өңірлерде +17+30°C, ал Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30+38°C болады деп болжанады.