Жаңалықтар

Қазақстанда 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Астанада 2005 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысы араға 21 жыл салып ашылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

2005 жылы елордада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда сол кезде қажетті айғақтардың болмауына байланысты қылмысты ашу мүмкін болмаған.

Биыл полиция істің архивтегі материалдарын қайта қарап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.

Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазір екеуі де қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.

«Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.