Ақмола облысында пойыз бен көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды
Ақмола облысындағы теміржол өткелінде 1 қарашаға қараған түні автомобиль мен пойыз соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 22.30 шамасында Степногорск жолында – Audi B4 маркалы автомобиль үш бос цистернаны тиеген локомотивтің астына түсті.
Көлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болды, екі жолаушы ауруханаға түскеннен кейін көз жұмды. Автокөліктің үш жолаушысы Степногорск ауруханасына жеткізілді.
«Тергеу аясында апаттың мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.