Мәскеу маңында 180-нен астам дрон атып түсірілді
Ресей астанасы Мәскеу бағытына түнде 620-ға жуық ұшқышсыз ұшу аппараты ұшырылған. Мәскеу облысының аумағында олардың 180-нен астамы жойылған. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
Собяниннің айтуынша, Котельники қаласындағы Мәскеу мұнай өңдеу зауытына жақын орналасқан «Дюна» тұрғын үй кешені зардап шеккен. Қала басшысы дрондар нақты қандай нысандарды нысанаға алғанын айтпады.
Жергілікті тұрғындар Ногинск, Железнодорожный және Электросталь маңында түнде бірнеше жарылыс болғанын хабарлаған. Павловский Посад ауданында да дрондардың көп болғаны айтылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан екі адам жарақат алған.
Мәскеу әуежайларында шектеу енгізілді
Ресейдің Росавиациясы Внуково, Домодедово және Жуковский әуежайларында ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуге уақытша шектеу қойылғанын хабарлады.
Шектеулердің қанша уақытқа созылғаны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.