Астанада қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды
Астанада Роза Бағланова көшесі маңында жас қыздың қаза болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция келгенге дейін қыздың жерде жатқанын және жанында курьер болғанын айтқан. Әлеуметтік желідегі кей жазбаларда қыз курьердің мопедіне құлағаны туралы болжам айтылған.
Астана полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, бойжеткен көпқабатты тұрғын үйден құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпаратты жарияламады.