Жаңалықтар

Алматының бірқатар ауданында төрт күн жарық өшеді

Алматыда 18-21 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше шағынауданда электр жарығы уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Алатау Жарық» компаниясы хабарлады.

Жөндеу жұмыстары 08:00-ден немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Осы уақытта аталған аумақтардағы тұрғындар электр жарығынсыз қалуы мүмкін.

18 тамызда:

Айгерім-1;

Тастыбұлақ;

Каменское Плато шағынаудандарында жарық өшеді.

19 тамызда:

Айгерім-1;

Шаңырақ-1;

Тастыбұлақ;

Таусамалы;

Ожет шағынаудандары қамтылады.

20 тамызда:

Шаңырақ-1;

Шаңырақ-2;

Шуақты;

Қарағайлы;

Тастыбұлақ;

Қалқаман-2;

Қуаныш шағынаудандарында электр жарығы уақытша ажыратылады.

21 тамызда:

Айгерім;

Байбесік;

Тастыбұлақ;

Қалқаман-2 шағынаудандарында жарық болмайды.

Компания жөндеу жұмыстарының уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Электр жарығын өшірудің нақты уақыты мен толық мекенжайлар тізімі «Алатау Жарық» компаниясының жоспарлы жөндеу кестесінде көрсетілген.