Қазақстанда күн қашан салқындайды: синоптиктер болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК 8–20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. 19–20 тамызда солтүстік облыстарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жаууы болжанады.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38°C-қа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27...+35°C, Қостанай облысында +20...+30°C болады.
Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасының +17...+22°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.
Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы +18...+30°C-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30...+37°C аралығында болады.
Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +28...+35°C болады.