Иран армиясының қолбасшысы АҚШ әскери қызметшілерін өлтірген немесе тұтқындағандарға сыйақы жариялады
Иран армиясының бас қолбасшысы, генерал-майор Амир Хатами АҚШ әскери қызметкерін өлтірген немесе тұтқындаған адамға 30 мың доллар көлемінде сыйақы берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасаған buginmedia.kz хабарлады.
Хатамидің айтуынша, америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алып, Иран әскеріне тапсырған адамға бес миллиард иран томаны көлемінде сыйақы беріледі. Бұл шамамен 30 мың АҚШ долларына тең.
Генерал-майордың мәлімдеуінше, мұндай әрекетке барған ирандық әйелдерге сыйақы мөлшері екі есе көп — шамамен 60 мың доллар болады.
Сондай-ақ америкалық әскери қызметшілерді өлтіру кезінде қолданылған қаруды Иран әскері нарықтағы бағасынан екі есе қымбатқа сатып алатыны айтылды. Кейін бұл қару арнайы музейде тұрақты түрде көрмеге қойылады.
Бас қолбасшы сыйақы тағайындау туралы шешімге «қаржылық жиһадқа» қатысуға көптеген өтініш түсуі себеп болғанын түсіндірді.
Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) бас қолбасшысы Мұхаммад Реза Нагди Иранның АҚШ-пен қақтығыста ұзақ уақытқа созылатын текетіреске дайын екенін мәлімдеген.